"АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ" АЭА АУМАҒЫНДА "АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 26 қазанында "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында "Ақтау теңіз порты" Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында басқарма қызметкері А. А. Қосақпаева ҚР қолданыстағы салық заңнамасының нормалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, ағымдағы жылдың 9 айы бойынша қорытындылары туралы ақпарат жеткізді. Өз кезегінде, "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Б.М. Кенбеилов басқарушы компаниямен және АЭА қатысушыларымен тиімді өзара іс-қимыл жасағаны үшін алғысын білдіріп, осындай кездесулерді өткізудің маңыздылығын атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар АЭА аумағында орналасқан компаниялардың өкілдерін шақыра отырып, тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізуге келісті. ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес АЭА қатысушылары АЭА аумағындағы салық органында орналасқан жері бойынша салық төлеуші ретінде тіркеуден өтеді.

"Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ баспасөз қызметі. 

Желілерде бөлісу:

  • 121